А) б) в). а –сымшабақпен; б – бұрандамен; в – пластинамен  

А) б) в). а –сымшабақпен; б – бұрандамен; в – пластинамен

а –сымшабақпен; б – бұрандамен; в – пластинамен.

86 - сурет. Акромион - бұғаналық буынды бекіту әдістері

Беннель тәсілі. Арнайытескішпен (бізбен) акромион өсіндісінде бір және бұғананың акромион бөлігінде екі тесік жасалады, содан кейін жібек жіпті акромион өсіндісіндегі тесік арқылы жоғарыдан төмен және бұғананың тесігінен төменнен жоғары қарай өткізеді. Дешан инесімен бұл жіпті іштен сыртқа қарай, жауырынның құстұмсық тәрізді өсіндісінің астынан өткізеді. Жіптің ұшын бұғанадағы екінші тесік арқылы төменнен жоғары өткізеді. Содан кейін жіптің екі басы хирургиялық түйінмен байланады (88-сурет, а ).

Уоткинс тәсілі. Жауырынның құстұмсық тәрізді өсіндісінің астынан лавсанды немесе жібек жіпті өткізеді. Бұғананың акромион бөлігінде жасалған тесік арқылы жіпті одан әрі өткізеді. Бұғана шығуын орнына салғаннан кейін жіптің екі ұшы біріктіріліп байланады. Жіп созылмау үшін акромион өсіндісі арқылы бұғананы бір немесе екі сымшабақпен бекітеді (87-сурет, б).

А) б)

а - Беннель тәсілі; б - Уоткинс тәсілі

87-сурет. Акромион - бұғаналық буынды бекіту әдістері

Қазіргі кезде акромион - бұғаналық буынды ілмек тәрізді бекіткішпен остеосинтездеу жиі қолданылады (88- сурет).

88-сурет. Акромион - бұғана буынын ілмек тәрізді құрылғымен бекіту

Акромион-бұғаналық буынның шығуын емдеуде сырттан бекітуші аппараттар да қолданылады (89-сурет). Аппаратпен емдеудің артықшылығына операцияның жергілікті анестезиямен жасалуы, операцияның науқас ауруханаға түскен күні орындалуы, науқастың операцияға арнайы дайындығының қажетсіздігі жатады. Сонымен қатар жарақат аймағы ашылмайды, барлық емшаралар тек жабық түрде орындалады, осындай остеосинтез әдісі тіндерге аз жарақат түсіретін, аз инвазиялық әдіске жатады. Аппараттардың 200-ге жуық түрлері белгілі, соның ішінде кең тараған аппараттар төмендегі суретте көрсетілген.



А) б)

В) г)

Д)

а – Цих аппараты; б – Колесников аппараты; в – Сушко аппараты; г –Уразгельдиев аппараты; д - проф. Ә.Ж.Абдрахманов, доц.М.Т.Әбілмәжіновтердің тәсілі

89-сурет. Акромион-бұғаналық буынның шығуын емдеудегі сырттан бекітуші аппараттар

Бұғананың акромион бөлігінің шығуын емдеуге арналған автордың құрылғысы

Бұғананың акромион бөлігі шығуын хирургиялық әдіспен емдеу үшін арнайы құрылғы құрастырылып, күнделікті тәжірибеге енгізілді (патент №12149 3.09.2002) (90-сурет).

А) б)

а - жобасы; б - үлгісі

90-сурет. Бұғананың акромион бөлігінің шығуын

емдеуге арналған жаңа құрылғы.и др.

ТАРАУ

ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

6.1. Тоқпан жіліктің проксимальдық бөлігінің сынығы

Анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

Тоқпан жілік, humerus, қолдың ұзын қозғалыс рычагы болып табылады. Жіліктің диафиз, метафиз, эпифиз және апофиз бөліктерін ажыртады. .....................

Операциялық емдеу әдістері.

Қазіргі кезде тоқпан жіліктің проксимальдық бөлігінің сынығын операциялық жолмен емдеудің ашық және жабық тәсілдері белгілі.

Емнің ашық тәсілінде сыныққа репозицияны көзбен бақылап орындайды, содан кейін сынық бастарын пластиналармен, штифттермен, сымшабақтармен, бұрандалармен, тігу материалымен және сүйек трансплантаттарымен бекітеді (105-сурет).

А) б)


0773176023375170.html
0773203224936358.html
    PR.RU™